Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жоғары лауазымды шенеунік бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамалды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сейсмикалық қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлар саласында тексерулер жүргізуде.

Осындай тексерулердің нәтижелерімен Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.

Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды. Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-на қамауға алынды.

Құзырлы орган тергеу жалғасып жатықанын, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059201-symkentte-zogary-lauazymdy-seneunik-byudzet-qarazatyn-zymqyrdy-degen-kudikpen-qamaldy/

pixel