Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан жер сілкінісінің саны бойынша әлемде алтыншы орында тұр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылдың басынан бері ең көп жер сілкінісі болған 100 елдің тізімі жарияланды Қазақстан рейтингте алтыншы орынға ие болды. Бұл туралы earthquakelist.org порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дереккөз ақпаратына сүйенсек, еліміз жер сілкіністерінің жиілігі бойынша рейтингте 58-позицияға көтерілген – Қазақстанда 135 жер сілкінісі тіркелді.

Айта кетейік, көршілес Қырғызстан Қазақстаннан рейтингте бір сатыға жоғары тұр – Қырғызстанда 143 жер сілкінісі тіркелген. Қырғызстан да рейтинг бойынша бірден 19 позицияға жоғарылаған.

Ал Жапония әдеттегідей жер сілкінісі жағынан көш басында тұр. Ол рейтингте бірінші орында – жыл басынан бері Жапонияда 216 жер сілкінісі тіркелген.

Рейтинг АҚШ геологиялық қызметі мен Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығынан алынған жер сілкінісі деректеріне негізделген. Орталықта деректер күн сайын жаңартылады.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілген. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматыдағы кей аудан тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

Содан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық афтершок тіркелген. Алайда тұрғындар оның тек 12-сін сезген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059354-qazaqstan-zer-silkinisinin-sany-boiynsa-alemde-altynsy-orynda-tur/