Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажар Ғиният неге қызметінен босатылды: премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Опубликовано:

Ажар Ғиният
Ажар Ғиният. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Үкіметте бүгін өткен брифингте өз орнын сақтап қалған премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға Ажар Ғинияттың денсаулық сақтау министрі қызметіне неліктен қайта тағайындалмағаны туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі басшысы ауысуының өзіндік себебі бар, өйткені енді ведомствоның алдында басқа міндеттер тұр.

"Өздеріңіз де білесіздер, бәріміз бір орнымызда жұмыс істеп, тұрақтап қалмаймыз. Міне, Ажар Ғиният та өзіне жүктелген тапсырманы орындады. Енді жаңа міндет күтеді. Оның алдында бұл жүйенің қаржылық бөлігін түбегейлі өзгерту міндеті тұр", - деді Дүйсенова.

Еске салайық, Ажар Ғинияттың орнына жаңа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тағайындалды. Ол министрлер кабинетіндегі төрт жаңа министрдің бірі болды. Ғиният 2022 жылдың қаңтарынан бері Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Өткен жылдың сәуір айында ол бұл қызметке қайта тағайындалған болатын.

Үкіметтің отставкаға кетуі және жаңа министрлер кабинетінің жаңа құрамы

Айта кетейік, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда жаңа министрлер кабинеті қашан құрылатынын айтты.

6 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісі және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізіп, премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесті. Артынша президент парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды.

Фракциялардың басым бөлігі қолдағандықтан, Олжас Бектенов президенттің жарлығымен еліміздің премьер-министрі болып тағайындалды.

Сонымен қатар президент жарлығымен кеше жаңа министрлер тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059685-azar-giniyat-nege-qyzmetinen-bosatyldy-premer-ministrdin-orynbasary-zauap-berdi/