Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде күн бұзылып, мектептерде оқу толықтай тоқтатылды (видео)

Опубликовано:

Боран
Боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде күн бұзылып, жел үдей түсті. Мектептерде оқу процесі толықтай тоқтатылды. Бұл туралы Ақтөбе қаласының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекеттің мәлімдеуінше, оқумен қатар, елді мекендерде жолдарда көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты қар тазарту жұмыстары да уақытша тоқтатылған.

Қала басшысы күн райы жақсарған бойда қар күреу жұмысы қайта жалғасатынын айтты.

"Жел екпінінің күшеюі салдарынан кейбір бау-бақшаларда электр жарығы сөнді. Қазіргі уақытта “Энергосистема” мекемесі қазір жөндеу жұмысын жүргізуде", - деді әкім.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, Авиақалашық, 1/1 мекежайында шатыр ұшып кеткен. Демонтаж жұмысы жасалады.

Қала әкімі тұрғындар мен қала қонақтарын күн райының бұзылуына байланысты жолға шықпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059687-aqtobede-kun-buzylyp-mektepterde-oqu-tolyqtai-toqtatyldy-video/