jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

"Сақ болыңыздар": ТЖД ауа райының бұзылуына байланысты астаналықтарға үндеу жасады

Боран
Боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана қаласының ТЖД ауа райына байланысты жарияланған дауылдық ескертуден кейін қала тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 8-9 ақпан күндері қала аумағында қарлы боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс екпініне ауысатын оңтүстік-шығыс жел 8-9 ақпан 23-28 м /с-ге дейін жетеді.

"Жарияланған дауылдың алдын алуға байланысты Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, қырағы болуға, ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді", - делінген ресми хабарламада.

Құтқарушылар жел күшейген кезде қандай іс-қимыл жасау керектігін айтып өтті:

  • Дауылды жел кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет.
  • Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан ашаларды тартып шығарыңыз.
  • Жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді берік етіп жабу ұсынылады.
  • Егер сіз көшеде қатты жел кезінде болып қалсаңыз, сенімді үй-жайға кіріп, жасырынуды ұсынамыз.

Боран кезіндегі халықтың іс-әрекеттері:

Егер сіз ғимаратта болсаңыз:

  • Қажет болған жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.
  • Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасы мүшелеріңізге немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.
  • Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер сіз жолда болсаңыз:

  • Үлкен жолдар мен тас жолда ғана жүріңіз.
  • Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.
  • Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;
  • Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, сорғышты (капот) көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.

Көктайғақ кезінде құлау ықтималдығын азайту үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

  • биік өкшелерден бас тартып, жай  табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;
  • жолдың жүру бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;
  • көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
  • мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз-бұл құлау мүмкіндігін арттырады;
  • аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды "шалшықты" айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен  жеңіл адыммен жүріңіз;

"Естеріңізде болсын: әсіресе арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін.  Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген ресми хабарламада.

"Сақ болыңыздар": ТЖД ауа райының бұзылуына байланысты астаналықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.