Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы лай көшкіні болған жерде құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр

Опубликовано:

Құтқару жұмыстары
Құтқару жұмыстары. Фото: ТЖМ

Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданындағы лай көшкіні болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ Алматыдағы авариялық-құтқару жұмыстарының барысынан фото жариялады.

Сонымен қатар қала әкімідігінің мәліметінше, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Айта кетейік, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні түскен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059810-almatydagy-lai-koskini-bolgan-zerde-qutqaru-zumystary-qalai-zurip-zatyr/

pixel