Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денсаулық сақтау жүйесінде қалады деп ойлаймын": ДСМ жаңа басшысы экс-министр Ғиният туралы айтты

Опубликовано:

Ажар Ғиният
Ажар Ғиният. Фото: t.me/mazhilis_kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұрынғы министр Ажар Ғиниятпен кездескенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ажар Ғиниятқызы екеуміз кездестік. Әріптеспіз, жылдар бойы бірге жұмыс істеп келеміз. Әр кезеңде ведомство басшысына нақты тапсырмалар жүктеледі. Ажар Ғиниятқызы еліміздегі COVID-19 індеті кезінде келді, оның қызметі жедел басқаруға бағытталды.

Сонымен қатар, бүгінде байқағанымыздай, вакцинамен алдын алуға болатын инфекциялар бар, бірақ біз 2023 жылды ДДҰ бойынша жұмыс істедік. Бұл тәжірибені де міндетті түрде қолданамыз. Ол денсаулық сақтау жүйесінде қалады деп ойлаймын", - деді Әлназарова.

Ол Ажар Ғиният өзіне жүктелген міндеттерді лайықты орындағанын атап өтті.

Еске салайық, 6 ақпанда мемлекет басшының жарлығымен Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Бұл лауазымда бұрын Ажар Ғиният болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059881-densaulyq-saqtau-zuiesinde-qalady-dep-oilaimyn-dsm-zana-bassysy-eks-ministr-giniyat-turaly-aitty/

pixel