Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қауіпті": Медеу ауданының әкімі лай көшкіні жүрген жердегі тарату желілері туралы айтып берді

Опубликовано:

Алматыда лай көшкіні жүрген жер
Алматыда лай көшкіні жүрген жер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Тау Самалы шағын ауданында лай көшкінінің орын алуына қатысты инженерлік желілердің жағдайын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, қазір Тау-Самалы шағын ауданында жеке сектордың коммуникацияларға қосылуы ретсіз әрі қауіпті.

"Жеке сектордағы көптеген тарату желілері стандарттарға сәйкес келмейді. Жақын арада бұл мәселені шешу үшін біз өткен жылдан бастап тарату желілерін салу бойынша жобаны әзірлеуге кіріскен болатынбыз. Біз "Балқаш" су көзін көрсеттік, жаңа скважиналар - бұл бірінші кезең. Екінші кезең-тарату желілерін жүргізу және су құбырымен қатар кәріз желілерін салу, өйткені таулы жерлерде септиктерді пайдаланатын жеке үйлер қауіпсіз емес", - деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Алматыдағы лай көшкіні

Еске салайық, бүгін, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

ТЖМ Алматыдағы лай көшкіні салдарына үйінді астында қалған барлық адамның денесі табылғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059896-qauipti-medeu-audanynyn-akimi-lai-koskini-zurgen-zerdegi-taratu-zelileri-turaly-aitty/

pixel