Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін ақтүтек боранда 18 шақырым жаяу жүрген

Опубликовано:

Ақтөбелік құтқарушылар
Ақтөбелік құтқарушылар. Видеодан кадр: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін 18 км бойы жол талғамайтын көліктің алдында ақтүтек боранда жаяу жүрді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облыстық ТЖД Instagram-дағы парақшасынан белгілі болғандай, медициналық көмек Мұғалжар ауданы Басшилі ауылының 73 жастағы тұрғынына қажет болған. Алты құтқарушы жолға шыққан.

Құтқарушылардың бірі - қарауыл бастығы Ақдәулет Әлидің айтуы бойынша, Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түскен. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болған.

"Трэколмен шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз", - дейді құтқарушы Ақдәулет Әли.

Желіде тарап кеткен видеодағы құтқарушы - Мұғалжар аудандық өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Нұрболат Тәжіғұлов. Ол Jibek joly арнасына сұхбат беріп, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Алты адам жолға шыққанбыз. Күн райының қолайсыздығына байланысты жүргізуші жолды көре алмай, сол себепті құтқарушылар көліктің алдында алма-кезек 18 шақырымды жүгіріп отырып, әжемізді аудандық орталық ауруханаға аман-есен жеткіздік", - дейді ол.

Айта кетейік, күні кеше Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жедел жәрдем қызметкерлері ақтүтек боранда науқастың үйіне жету үшін жарты жолда көлігін тастап, омбылап жаяу барғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060064-aqtobelik-qutqarusylar-nauqasty-auruxanaga-zetkizu-usin-aqtutek-boranda-18-saqyrym-zayau-zurgen/

pixel