Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 градус аяз: демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болды

Опубликовано:

аязды күні талда отырған құс
Талда отырған құс. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде, 10-12 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, скандинавиялық циклон республика аумағына ықпал етеді.

Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ күтіледі.

Атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты қысқа уақытқа жауын-шашын тоқтайды.

Метеорологтар еліміздің солтүстік жартысында температура түнде -20...-28 градусқа дейін, күндіз -15...-20 градусқа дейін төмендейтінінін болжады.

Сонымен қатар Иран аймақтарының циклоны оңтүстік аймақтарға әсер етеді деп күтілуде. Осыған байланысты елімізде жауын-шашын, негізінен жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060140-28-gradus-ayaz-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-boldy/

pixel