Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында дауыл тұрып, 40-қа жуық ауыл жарықсыз қалған

Опубликовано:

Жоғары вольттық бағана
Жоғары вольттық бағана. Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 40-қа жуық елді мекен электр қуатынсыз қалған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 ақпанға қараған түні ауа райының қолайсыздығына байланысты, боран салдарынан (екпіні 28 м/с дейін) аймақтағы 38 ауылдық елді мекенде (4276 абонент) электр энергиясының ішінара өшуі тіркелді.

Сонымен қатар дауылды желдің салдарынан Павлодар қаласының ауылдық аймағындағы Жетекші ауылындағы ЖОМ-тің шатыры ішінара зақымдалған. Ауданы 30 шаршы метрге жеткен.

"9 ақпан күні, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша электр қуаты өңірдегі 25 ауылдық елді мекенде қалпына келтірілді. 13 ауылдық елді мекенде (~1553 абонент) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл облыстың 5 ауданына қарасты ауылдарда (Баянауыл, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты), сондай-ақ, Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Береке ауылында тіркелді", - делінген хабарламада.

Апат ақауларын жоюға 47 авариялық бригада жұмылған. Жұмыстарға 137 адам және 46 техника тартылды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін метеорологтар еліміздің солтүстік бөлігінде температура түнде -20...-28 градусқа дейін, күндіз -15...-20 градусқа дейін төмендейтінінін болжаған.

Сонымен қатар Иран аймақтарының циклоны оңтүстік аймақтарға әсер етеді деп күтілуде. Осыған байланысты елімізде жауын-шашын, негізінен жаңбыр, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060157-pavlodar-oblysynda-dauyl-turyp-40-qa-zuyq-auyl-zaryqsyz-qaldy/

pixel