jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы. Фото: gov.kz

Қазақстандықтар наурыз айында екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. Осыған байланысты ел тұрғындары бірнеше күн демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.

Көктемнің алғашқы айында елімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамы тойланады.

Атап айтқанда, Халықаралық әйелдер күні биыл жұмаға сәйкес келетіндіктен, тұрғындар бір күн - 8 наурызда демалады.

Сонымен қатар ел тұрғындары 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамын атап өтеді.

21-23 наурызда тойланатын Наурыз мейрамы бұл жолы бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне сәйкес келеді.

Сондықтан қазақстандықтар 23 наурыз сенбіге түскендіктен, 25 наурыз, яғни, дүйсенбі күні жұмыс күні болып саналмайды.

Осылайша тұрғындар Наурыз мейрамын демалыс күндерін қосқанда 5 күн тойлайды.

Наурыз айында аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар мереке күндері мен демалыс күндерін қоса есептесек, 14 күн демалады.

Cкриншот
Наурыз айының күнтізбесі. Cкриншот: egov.kz

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.