Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы лай көшкіні: мектеп ұжымы қаза тапқан жасөспірімдермен қоштасты

Опубликовано:

Майшам
Майшам. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Алматыдағы №48 мектеп-лицейі ұжымы Медеу ауданындағы қайғылы оқиғаның құрбаны болған жасөспірімдер Денис пен Сергей Шинмен қоштасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қаза тапқан оқушылар туралы жазба білім ордасының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Шин Денис пен Сергей - біздің мектептің оқуышылары, сыныптастарымыз, достарымыз! Сіздерді білетін әрбір адам үшін бұл қайғыны айтып жеткізу қиын. Сіздер туралы естелік біздің жүрегімізде сақталады", - деп жазылған жазбада.

Алматыдағы лай көшкіні

Еске салайық, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.

Бүгін лай көшкіні салдарынан қираған үйдің астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімнің денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060213-almatydagy-lai-koskini-mektep-uzymy-qaza-tapqan-zasospirimdermen-qostasty/

pixel