Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ: Атырау облысындағы аудандардың бірінде қар еріп, айналаны су басты, тұрғындарға қауіп төнген жоқ

Опубликовано:

Су басқан жерде тұрған адам
Су басқан жерде тұрған адам. Көрнекі фото: pexels.com

10 ақпанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында еріген қар суы арық арнасы бойымен өтті. Халыққа қауіп төнбеді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, ақпанның 9-ы Атырау облысы Қызылқоға ауданында еріген қар суы Мұқыр кенті мен Сағыз кенті арқылы арық арнасы бойымен ағып өткен. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Су деңгейі төмендеді. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің өкілдері тұрғындарды дүрбелеңге салынбауға әрі ресми мәліметтерге ғана сенуге шақырды.

Еске салайық кеше Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында қар еріп, жаңбыр жауып, салдарынан ауыл көшелерін су басқанын жазған едік. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, толассыз су кей үйлердің ауласына да кіріп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060249-atyrau-oblysyndagy-audandardyn-birinde-qar-erip-su-basty-tzm-turgyndarga-qauip-tongen-zogyn-aitty/

pixel