Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі: FlyArystan жолаушыларға үндеу жасады

Опубликовано:

Паспорт
Паспорт. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

FlyArystan әуе компаниясы еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшетіндіктен, бірқатар рейс бір сағат бұрын орындалатынын ескертті. Бұл туралы компанияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

1 наурызға қараған түні бүкіл Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Осыған байланысты FlyArystan өкілдері қазақстандықтарға үндеу тастады.

"Әуекомпания осыған байланысты 7 ақпанға дейін (қоса алғанда) билет сатып алып, 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:01-ден бастап (Астана уақыты бойынша) Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Өскемен, Семей қалаларына немесе осы қалалардан ұшатын жолаушыларға рейстің билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалатынын ескертеді"- делінген әуе компанияның Telegram арнасында жарияланған ақпаратта.

Бұған қоса компания өкілдері жолаушыларға бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейінгі ұшудың нақты уақыты белгіленген жаңа билетті қалай жүктеу керектігі туралы жан-жақты ақпараты бар жеке хабарлама жіберілетінін мәлімдеді.

Ал осы жылдың 8 ақпанынан кейін Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Өскемен және Семей қалаларына немесе осы қалалардан орындалатын рейстерге сатылған авиабилеттерде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ескере отырып, нақты уақыт көрсетілген.

Еске салсақ, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060499-qazaqstanda-biryngai-uaqyt-beldeui-engiziledi-flyarystan-zolausylarga-undeu-zasady/

pixel