Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қару-жарақ арсеналы жасырылған үш орын анықталды (фото)

Опубликовано:

Тәркіленген қару
Тәркіленген қару. Фото: ҰҚК

Алматы облысынан қару арсеналы жасырылған үш орын анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

6-9 ақпан аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қару-жарақ арсеналы жасырылған үш орынды анықтады.

тәркіленген қарулар
Тәркіленген қарулар. Фотоколлаж: polisia.kz

Тексеру нәтижесінде 4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон тәркіленді.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кетсек, бұған дейін 24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060527-almaty-oblysynda-qaru-arsenaly-zasyrylgan-3-oryn-anyqtaldy/

pixel