Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова дүниеден өтті

Опубликовано:

Анар Жайылғанова
Анар Жайылғанова. Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Нұралықызы Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды.

Агенттік ұжымы марқұмның туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген Агенттіктің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Ресми мәлімет бойынша, Анар Жайылғанова 1969 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша, кейін Жоғары банк ісі мектебінің "қаржы және несие факультетін" бітірген.

Заң ғылымдарының кандидаты болған.

Жайылғанова еңбек жолын 1991 жылы Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған.

1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан – ред.) облыстық сотында судья, 2004-2008 жылдары еліміздің Жоғарғы сотында судья қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі, "Нұр Отан" партиясынан парламенті мәжілісінің депутаты болған

2009-2022 жылдар аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болған.

Анар Жайылғанова "Құрмет" орденімен, медальдармен, Жоғарғы сот төрағасының құрмет грамотасымен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060611-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttiginin-buryngy-bassysy-anar-zaiylganova-dunieden-otti/

pixel