Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеумен ымыраға келуге дайын емеспіз": әйел депутаттар "тілдің ұзындығынан" туатын жанжалдар туралы айтты

Опубликовано:

Жұдырық түйген жігіт
Жұдырық түйген ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева ОКҚ-да әріптесі Анас Баққожаевтың "әйел тілінің ұзындығынан" жанжал тудыратыны туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Наталья Дементьева Анас Баққожаев отбасындағы жанжалды "тілі ұзын" әйелдер тудыратынын ойланбай айта салды деп санайды.

"Әрине, бұл – ойланбай айтыла салған нәрсе. Әйел ретінде келісе алмаймын. Бірақ мен білім саласында 20 жыл еңбек еткен ұстазбын. Күн сайын, тіпті сағат сайын келіп тұратын жас отбасыларды көп көрдім. Өкінішке қарай, жас аналардың кейбірі бала тәрбиелеуге дайын емесін де көрдім.

"Назар аударыңыз, мен қазір "арандатушылық" жайлы айтып отырған жоқпын. Бұл арандатушылық емес, бұл отбасы құруға дайын болмау және отбасы құндылықтарын түсінбеу деп ойлаймын", - деді ол.

Бұл ретте депутат Дементьева өзінің "отбасылық құндылықтарды жақтаушысы" екенін атап өтті.

"Мен мұны өз тәжірибемнен айтып отырмын, білім саласында 25 жыл еңбек еткенім маған осы құқықты берді деп ойлаймын.

Көбі қиыншылыққа көнуге, бала тәрбиесінде күйеуімен ымыраға келуге дайын емес. Мен оларға: "Қымбаттыларым, менің алдымда ұрысудан тайынбайсыздар, үйіңізде бұдан да сорақысы болатын шығар?" дейтінмін. Отбасылық өмірде дағдарыс болады, алайда мен жас аналарың, жас қыздардың ұстамсыздығын өз көзіммен көрдім", - дейді Наталья Дементьева.

Сондай-ақ ол: "Әйелдің даналығы – отбасылық дау-дамайлардың "кедір-бұдыр" тұстарын тегістеу" деп атап көрсетті.

"Біз, әйелдер – отбасы ошағының сақшысымыз. Мен бұл жерде ер адамдарды қорғап отырған жоқпын, бірақ жанжалды мүмкіндігінше шешуге тырысу әйелдің қолында деп есептеймін", – деп түйіндеді ол.

Алайда Сенат депутаты Жанна Асанова Дементьеваның ұстанымымен келіспейтінін білдірді.

"Үйдің берекесін келтіретін тек әйел адам емес, ер адамның да үлесі бар. Бәлкім, менің айтпағым қарабайыр көрінуі мүмкін, бірақ махаббат пен түсіністік әлемді құтқарады. Күшпен ымыраға келе алмайсың, тек түсіністік таныту арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл жерде әр тараптың рөлі маңызды. Көп нәрсе ерлі-зайыптылардың күйзеліске төтеп беріп, бір-бірін тыныштандыру қабілетіне байланысты.

Қазіргі заманғы қиындықтардың қайдан пайда болғанын және оларды түсіну өте маңызды. Оған қоса дәстүр деген де бар. Тағы да қайталап айтамын, дәстүрімізде айғайлап, күш көрсету болмаған", - деді ол.

Еске салайық, өткен аптада мәжіліс депутаты Анас Баққожаев "Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заң жобасын таныстыру барысында зорлық-зомбылыққа көбіне әйелдердің өздері кінәлі екенін айтқан болатын.

"Жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйелдер кешірсін мені, бірақ мұндай фактілер бар" деген еді ол.

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха депутатты жеке танымайтынын, сондықтан ол туралы қандай да бір пікір білдіру қиын екенін айтты. "Оны тыңдадық, ұстанымын ескердік. Бәлкім, кейбір жағдайлардың болуы керек те шығар. Шамасы, ол өміден алынған жағдайлар жайын меңзеді ме, әлде нақты біреу жайында айтты ма, бұл жағын енді мен білмеймін", - деген болатын Лепеха.

Бүгін мәжіліс депутаты Анас Баққожаев палата кулуарында отбасындағы жанжалды әйелдердің өзді жиі тудыратыны туралы сөзіне түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060766-kuieumen-ymyraga-keluge-daiyn-emespiz-aiel-deputattar-tildin-uzyndygynan-tuatyn-zanzaldar-turaly-aitty/

pixel