jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда қараусыз қалған жануарларға эвтаназия қолдану ұсынылды

Қауаған иттер
Қанғыбас иттер. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заң жобасына енгізілген түзетулер қаралды. Жаңа норма бойынша қаңғыбас жануарларға эвтаназия қолдану ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отырыста ұсыныстарды депутат Еділ Жаңбыршин оқып, таныстырды. Ол заң жобасына мәжіліс депутаттары бастамашы болып әзірленгенін айтты.

Депутаттың айтуынша, заң жобасына негізгі мына нормалар қарастырылған:

  • жануарларды тіркеудің бірыңғай электрондық деректер базасын орталықтандыру;
  • жануар уақытша ұстау орнына орналастырылғанға дейін иесіне жануардан бас тартуға тыйым салуды белгілеу.
  • Бұл ереже бойынша жануар иесін үй жануарын көшеде тастамай, уақытша ұстау орнына орналастыруға міндеттеуі;
  • жануарларға агрессия танытып, шабуыл жасаған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың шұғыл әрекет ету шараларын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерін белгілеу;
  • ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін жануарларды қорғау ұйымдары мен басқа адамдар тарапынан орналастырылмаған, талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін егер олар бұралқы иттер болса, 15 күн ішінде, егер қараусыз қалған жануарлар болса - 60 күн ішінде эфтанация қолдану.

Мәжіліс депутаттары аталған түзетулерді қолданысқа енгізу үшін дауыс берді.

Қазақстанда қараусыз қалған жануарларға эвтаназия қолдану ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.