Қазақстанда қараусыз қалған жануарларға эвтаназия қолдану ұсынылды
Жарияланған күні:
Бүгін мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заң жобасына енгізілген түзетулер қаралды. Жаңа норма бойынша қаңғыбас жануарларға эвтаназия қолдану ұсынылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Отырыста ұсыныстарды депутат Еділ Жаңбыршин оқып, таныстырды. Ол заң жобасына мәжіліс депутаттары бастамашы болып әзірленгенін айтты.
Депутаттың айтуынша, заң жобасына негізгі мына нормалар қарастырылған:
- жануарларды тіркеудің бірыңғай электрондық деректер базасын орталықтандыру;
- жануар уақытша ұстау орнына орналастырылғанға дейін иесіне жануардан бас тартуға тыйым салуды белгілеу.
- Бұл ереже бойынша жануар иесін үй жануарын көшеде тастамай, уақытша ұстау орнына орналастыруға міндеттеуі;
- жануарларға агрессия танытып, шабуыл жасаған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың шұғыл әрекет ету шараларын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерін белгілеу;
- ауруға шалдыққан, агрессия көрсететін жануарларды қорғау ұйымдары мен басқа адамдар тарапынан орналастырылмаған, талап етілмеген жануарлардың санын реттеу үшін егер олар бұралқы иттер болса, 15 күн ішінде, егер қараусыз қалған жануарлар болса - 60 күн ішінде эфтанация қолдану.
Мәжіліс депутаттары аталған түзетулерді қолданысқа енгізу үшін дауыс берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060891-qazaqstanda-qarausyz-qalgan-zanuarlarga-evtanaziya-qoldanu-usynyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.