Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғылым министрі Алматыдағы ЖОО бірінде тараған "пәк қыздардың тізіміне" қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жасөспірім қыз
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі мәжіліс кулуарында Алматыдағы жоғары оқу орындардың бірінде таратылған "пәк қыздардың тізімі" жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер Алматыдағы университеттердің бірінде студент қыздардың жеке деректері бар файл жария болғанын атап өтті. Тізімде басқа деректерге қоса қай қыздың пәк, қай қыздың пәк емес екені де көрсетілген делінген.

БАҚ өкілдері Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысынан оның ведомствосы бұл жағдайда қандай шара қолданатынын сұрады.

"Жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру заңбұзушылық болып саналады. Біз бұл мәселені бақылауға алдық, өйткені бұл жерде тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады.

"Дербес деректерді қорғау туралы" заң бар. Мұнда әңгіме әкiмшiлiк құқықбұзушылыққа қатысты шығар", - дейдi Саясат Нұрбек.

Алайда оның жауабы журналистерді қанағаттандырмады. Олар бұл ақпарат кімге және не үшін қажет болғанын сұрады.

"Бұл жеке деректерге немқұрайлы қарау шығар. Бұл мәселені жеке деректерді қорғау туралы заңнамамен қатаңырақ реттеу қажет екенін мойындауымыз керек.

Оның үстіне мәселені мәдени деп атауға болады. Мысалы, біз жеке куәліктің көшірмелерін жиі жібереміз. Университетте мұндай фактілер бар екені қынжылтады. Жеке деректер мен құпия ақпаратты қорғау қатаң бақылауға алынбайынша, мәдениет өзгермейді", - деді ол.

Еске салайық, желтоқсан айында интернетте "Айка тізімі" деп аталатын тізім тараған болатын. Тізімде қазақстандық танымал тұлғалар, кәсіпкерлер, ірі қаржы институттарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен қауіпсіздік қызметкерлерінің аты-жөні көрсетілген. Бұл ақпарат халық арасында кеңінен талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060945-gylym-ministri-almatydagy-zoo-birinde-taragan-pak-qyzdardyn-tizimine-turaly-aitty/

pixel