Мектептерде жаңа пәндер енгізілуі мүмкін бе –премьер-министрдің орынбасары жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомОқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда мектеп бағдарламасын кеңейту туралы ұсыныстарға пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазір жаңа міндеттерді ескере отырып, мектеп бағдарламасына қосымша пәндер енгізу туралы көптеген ұсыныс түсуде. Біріншіден, бұл мәселелер мектеп бағдарламасында ескерілген. Мұны мұғалімдер де біледі және менің сөзімді растайды. Бәрін оқу жүктемесін арттыру арқылы шешуге болмайды. Тек мазмұнға кіріктіру, сондай-ақ жүйелік жобаларды іске асыру арқылы бұл бағыттар бойынша нәтижеге қол жеткізуге болады", - деді Дүйсенова.
Ол PISA халықаралық рейтингі бойынша білім жағынан сингапурлық оқушылар үздік шыққанын атап өтті.
"Неге Сингапур бірінші орын алды? Олар мектептегі пәнді кеңейтпей, тереңдеткен, дәлірек айтқанда, осы пәндер бойынша білімді тереңдеткен. Сондықтан білім беру бағдарламасын, яғни білім беру бағдарламаларының стандарттарын әзірлеген кезде Оқу-ағарту министрлігі осыған назар аудару керек деп ойлаймын. Балаларға түсетін жүктемені азайту керек екенін айтып, оны түрлі бағдарламалармен кеңейтіп жатырмыз", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061007-mektepterde-zana-pander-engizilui-mumkin-be-premer-ministrdin-orynbasary-zauap-berdi/