jitsu gif branding logo appbranding logo app

Мектептерде жаңа пәндер енгізілуі мүмкін бе –премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: pexels.com / Thirdman

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда мектеп бағдарламасын кеңейту туралы ұсыныстарға пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазір жаңа міндеттерді ескере отырып, мектеп бағдарламасына қосымша пәндер енгізу туралы көптеген ұсыныс түсуде. Біріншіден, бұл мәселелер мектеп бағдарламасында ескерілген. Мұны мұғалімдер де біледі және менің сөзімді растайды. Бәрін оқу жүктемесін арттыру арқылы шешуге болмайды. Тек мазмұнға кіріктіру, сондай-ақ жүйелік жобаларды іске асыру арқылы бұл бағыттар бойынша нәтижеге қол жеткізуге болады", - деді Дүйсенова.

Ол PISA халықаралық рейтингі бойынша білім жағынан сингапурлық оқушылар үздік шыққанын атап өтті.

"Неге Сингапур бірінші орын алды? Олар мектептегі пәнді кеңейтпей, тереңдеткен, дәлірек айтқанда, осы пәндер бойынша білімді тереңдеткен. Сондықтан білім беру бағдарламасын, яғни білім беру бағдарламаларының стандарттарын әзірлеген кезде Оқу-ағарту министрлігі осыған назар аудару керек деп ойлаймын. Балаларға түсетін жүктемені азайту керек екенін айтып, оны түрлі бағдарламалармен кеңейтіп жатырмыз", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Мектептерде жаңа пәндер енгізілуі мүмкін бе –премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.