Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ЖОО біріндегі "пәк қыздар тізімі": сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Опубликовано:

полиция қызметкері тұрғынның өтініш-арызын тыңдауда
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

Алматы прокуратурасының нұсқауымен қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде тараған "пәк қыздар тізіміне" қатысты дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 14 ақпанда Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпиясы бар жеке деректері мен мәліметтерін тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Прокуратураның баспасөз қызметі қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Пәк қыздар тізімі"

Айта кетейік, жуырда Алматыдағы ірі жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері бар тізім тарады, тізімде қайсы қыз пәк, қайсысы пәк емес екені туралы да ақпарат бар делінді.

Бұл жағдайға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді.

"Жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру заңбұзушылық болып саналады. Біз бұл мәселені бақылауға алдық, өйткені бұл жерде тікелей заңбұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланады", - деді ол бүгін мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ министр бұл мәселені жеке деректерді қорғау туралы заңнамамен қатаң түрде реттеу қажет екенін атап өтті.

Цифрлық даму министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында осы жайтқа пікір білдіріп, зардап шеккендерді министрлікке хабарласуға кеңес берді.

Көп ұзамай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері "пәк қыздар тізімі" қайдан шыққанын түсіндіріп, университетте алдын ала ішкі тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"2024 жылғы 6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін "Smart Health University City " ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджерімен флюорографиялық зерттеуден өтпеген механика-математика факультетінің 3 және 4 курс студенттерінің тізімі жазылған Excel форматындағы құжаттарды флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін осы факультет деканатының маманына жіберді.

Алайда берілген құжаттарда студенттердің аты-жөнінен басқа медициналық құпияға қатысты ақпарат та болған", - деп хабарлады университет өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061023-almatydagy-zoo-birindegi-pak-qyzdar-tizimi-sotqa-deiingi-tergep-tekseru-bastaldy/

pixel