Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Антикор алып кетіп жүрмесін": Досаев алматылықтан өз портретін сыйға алды

Опубликовано:

Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу
Алматы тұрғынының сыйлығы. Фото: youtube.com/@AlmatyUS

Алматы тұрғыны Ерболат Досаевқа портретін сыйға тартты. Ол қала әкіміне Ақжар, Шұғыла шағынаудандарында жарық, су мәселесін шешуге ықпал еткені үшін алғыс айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қала әкімінің Әуезов ауданы тұрғындарымен кезекті кездесуіне қатысқандардың бірі қала әкіміне сыйлық ала келген.

"Ерболат Аскарбекұлы, сізге алғыс білдіруге бола ма? Мен сізге екі жыл бойы өзімді мазалаған мәселелерді айтып келдім", - деді микрофонға сөйлеген тұрғын.

Сыйлықты көрген Ерболат Досаев оның сөзін бөлді.

"Сыйлық үшін қорқып тұрмын, мені Антикор алып кетіп жүрмесін", - деп әзілдеді Алматы әкімі.

Сондай-ақ қала әкімі тұрғынға расында да қалаға жаны ашып, мәселе көтеріп, ұсыныстарын білдіргені үшін рақмет айтты.

Әкімнен кейін сөзін жалғастырған тұрғын да алғыстан аянып қалмады.

"Бірінші кезекте сізге электр қуатын есептегіш құралдың бағасын - үш фазалы құрылғыны 141300 теңгеден 115 мың теңгеге дейін, ал бір фазалы құрылғыны 67 мың теңгеден 57 мың теңгеге түсірткеніңіз үшін алғыс айтамын. Тек қыркүйек айында 90 млн теңге қаражат үнемделді. Екінші мәселе - автобус жолағы бойынша өтініш айтқан едім, ол да істелді. Үшіншіден, Ақжар және Шұғыла шағынаудандарының тұрғындары атынан Декан көшесін ұзартқаныңыз үшін, төртіншіден, Шұғыла және Ақжар шағынаудандары орталық су жүйесі мен кәріз жүйесіне қосылуда, тұрғындар алғыс айтып жатыр. Мен солардың атынан келіп тұрмын", - деп сыйға әкелген Досаевтың суретін көпке көрсетті кездесуге келген тұрғын.

Ерболат Досаев тұрғынның сыйлығын үйіне алып кететінін айтып, оған алғыс білдірді.

"Әйеліме сыйлаймын, көмекшім алады, рақмет", - деді Ерболат Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061109-antikor-alyp-ketip-zurmesin-dosaev-almatylyqtan-oz-portretin-syiga-aldy/

pixel