jitsu gif
Оқыс оқиға

    Теміртаудағы газ жарылысы: ТЖД қаза тапқан және зардап шеккен әйелдер туралы мәлімет жариялады

    Теміртау газ жарылысы
    Оқиға орны. Видеодан кадр: ТЖМ

    Бүгін Теміртауда дүкенде газ жарылысы болып, салдарынан үйінді астынан бір адамның денесі шығарылды. Қарағанды ТЖД зардап шеккен әйел мен қаза тапқан адам туралы мәліметтер жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, екіқабатты дүкенде болған өрт сағат 09-08-де оқшауланып, сағат 10-25 те сөндірілді.

    "Жарылыс салдарынан 2 адам зардап шекті: 1993 жылы туған әйел жарақат алды ( дүкенге келуші) ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар 1973 жылы туған әйел қаза тапты (дүкен қызметкері).

    Үйінділерді талдау жалғасуда. Оқиға орнында барлығы 177 адам және 38 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бүгін Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртке оранып, опырылған. Сондай-ақ үйінді астынан әйел адам шығарылып, бір адам іздестіріліп жатқанын хабарланған еді.

    Сонымен қатар ТЖМ үйінді астынан әйелдің денесі шығарылғанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.