Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында 40 градусқа дейін аяз болады: әкім үндеу жасады

Опубликовано:

Қарлы боран
Қарлы боран. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, алдағы күндері қалың қардың орнына аяз келеді. Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде қар жалғасады деп хабарланған болатын. "Қазгидромет" РМК ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, түнде сондай-ақ ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев тұрғындарға үндеу жасады:

"Құрметті шығысқазақстандықтар, ауылдастар! Облыс аумағына қалың қар түсіп, борандатуда. Соңғы күндері жауын-шашынның екі айлық нормасы жауды. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы бір метрден асты. Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 6 және облыстық 8 бағыттағы жол жабылды. Оларды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Барлық коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жалпы саны 400-ге жуық арнайы техника тартылды. Төтенше жағдай қызметінің жедел желісі іске қосылды. Волонтерлер жеке секторларда қарды тазартуға көмек көрсетуде", - деді әкім.

Сондай-ақ Көшербаев осындай қиын уақытта күндіз-түні тынбай жұмыс істеп тұрған мекемелер мен қол ұшын беріп отырған жанашыр азаматтарға алғыс айтты.

"Облыста қар көшкіні қаупі бар 487 аймақ тіркелген. Олар Қазселденқорғау орталығы мамандарының бақылауында. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге тиісті тапсырмалар берілді.

Бүгін түнде ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендеп, қардың арты аязға ұласпақ. Мен, облыстың барлық тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын! Алыс жолға аса қажет болмаса, шықпауды сұраймын! Облыстағы жағдай менің жеке бақылауымда", - деді әкім.

Сондай-ақ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынамыз:

Өскемен:

  • 16 ақпан түнде: -30-32°C, күндіз -26-28°C;
  • 17 ақпан түнде: -35-37°C, күндіз -27-29°C;
  • 18 ақпанда түнде: -28-30°C, күндіз 20-22°C.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

  • 16 ақпан түнде: -30-35°C, күндіз -25-30°C;
  • 17 ақпан түнде: -35-40°C, күндіз -27-32°C;
  • 18 ақпан түнде: -33-38°C, күндіз 25-30°C.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061207-sygys-qazaqstan-oblysynda-40-gradusqa-deiin-ayaz-bolady-akim-undeu-zasady/

pixel