Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жанар-жағармай мен дизельдің шекті бағасы өзгеріссіз қалады

Опубликовано:

Жанармай
Жанармай құю бекеті. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Энергетика министрлігі "Ашық НҚА" сайтында мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу жөнінде бұйрық жобасы жарияланғанын, бұйрық жобасында қазақстандықтар үшін жанар-жағармай мен дизельдің шекті бағасы өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы министрліктің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік ішкі нарықта мұнай өнімдерінің айтарлықтай қоры бар екенін хабарлады. Жанар-жағрамай материалдары қорларын өндіру, тиеп-жөнелту және толықтыру үздіксіз жүргізіледі.

"Қазіргі уақытта, атап айтқанда, мұнай өңдеу зауыттары, мұнай базалары мен жолдардағы дизель отынының жиынтық қоры 626 мың тонна.

2023 жылғы 12 сәуірде нарықтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 140 бұйрығы шығарылды, онда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге, оның ішінде дизель отынына шекті баға бойынша литріне 450 теңге көзделген", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі ұсынылған жағдайда, литріне 295 теңге бағамен тәулігіне 100 литрге дейін және Қазақстан Республикасында берілген жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға арналған жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік ұсынылған жағдайда, литріне 295 теңге бағамен тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде дизель отыны сатылады.

"Бүгінгі таңда министрлік азаматтар және автожанармай құю станциялары мен мұнай базалары өкілдерінің жолданымдарына байланысты дизель отынын өткізу үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің болуын талап етуді уақытша алып тастау жөніндегі бұйрықтың жобасын литріне 295 теңге баға бойынша дайындады.

Бұл ұсыныс жанармай құю станцияларында дизель отынын өндіру, тиеп-жөнелту, толтыру және өткізу арасындағы тепе-теңдікті реттеуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.

Бұйрықтың жобасы барлық мүдделі тараптардың ұсыныстары мен талқылауы үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

"Қорытынды шешім барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін қабылданады.

Аталған бұйрық жобасында қазақстандықтар үшін жанар-жағармай мен дизельдің шекті бағасы өзгеріссіз қалады", - дейді министрлік өкілдері.

Бүгін Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бағасы бекітілуі мүмкін екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061224-qazaqstanda-zanar-zagarmai-men-dizeldin-sekti-bagasy-ozgerissiz-qalady/

pixel