jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Жауын-шашын мен көктайғақ": Алматы полициясы жолда абай болуға шақырды

Пробки в Алматы
Пробки в Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі ауа райы қолайсыздығына байланысты жолда абай болуға шақырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көктайғаққа байланысты Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды сақ және қырағы болуға шақырады

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы қалалық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің өткізу қабілеті нашарлайды", - деді Алматы қалалық ПД "кімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ кей кездері ауа райынан бөлек, жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен де оқыс жағдайлар болатынын тілге тиек етті:

"Кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсерін тигізеді.

Полицияда жолдың қателікті кешірмейтінін еске салды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – сіздің және жақындарыңыздың өмірінің қауіпсіздігінің кепілі!" - делінген үндеуде.

Айта кетейік, Алматыда 16 ақпанда қалың қар түріндегі жауын шашын жауып, көктайғақ болатыны ескертілген. ️Демалыс күндері қалада сынап бағанасы -20 градусқа дейін төмендейді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.