jitsu gif branding logo appbranding logo app

"80 см қар түсті": Абай облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді

Қар
Қар. Көрнекі сурет: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Абай облысында республикалық маңызы бар Қалбатау – Майқапшағай автожолының 982-шақырымында, Байбурада ұйытқый жел соғып, қалың қар жауғанына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Абай облысында республикалық маңызы бар Қалбатау-Майқапшағай автожолының 982-ші шақырымында (Байбурада) ұйытқый жел соғып, қалың қар жауғанына байланысты (80 см қар түсті) көлік қозғалысы уақытша шектелді", - делінген компанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Компнаия өкілдері қауіпсіздік мақсатында облыс тұрғындарынан ауа райы тұрақталғанша, ұзақ жолға шықпауды сұрады.

"Бұл учаскеде көліктерді бір реттік өткізу ұйымдастырылған, алайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан көрініс шектеліп, жолда жүру аса қауіпті болып тұр", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта "ҚазАвтоЖол" компаниясы қозғалысты қалыпқа келтіру үшін мынадай шараларды қабылдауда:

  • осы учаскеге Көкпектіден 2 тиегіш, 2 грейдер және 1 К700 жіберілді;
  • сондай-ақ Қалбатау тарапынан 2 шнекротор және 1 УАЗ көлігі берілді.

Бұл шаралар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және жағдайды жедел шешу үшін қабылдануда.

"Қазіргі уақытта ауа температурасы -35 градус аязды көрсетіп тұр... Барынша сақ болыңыздар! ", - дейді мамандар.

"80 см қар түсті": Абай облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.