Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Жарияланған күні:
Алматыдан ұшатын рейстер мегаполистегі қолайсыз ауа райына байланысты кейінге шегеріліп жатыр. Бұл туралы Air Astana мен Алматы әуежайының баспасөз қызметтеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Air Astana әуекомпаниясының Telegram-арнасындағы мәлімет бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар жауып, тұман) Алматыдан ұшатын рейстер кешіктірілуде.
Хабарламада жолаушылардан рейстің мәртебесін әуекомпанияның сайтынан тексеруді сұраған. Билетті қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша сатып алған жерге хабарласуға болады.
Рейстердің кешігіп жатқанын Алматы әуежайының баспасөз қызметі де растады.
"Алматы әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр. Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта 12 рейс кешігіп жатқаны хабарланды.
Бұған дейін Алматыда қалың қар жауатынын жазған едік. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін көтеріліп, түнде -20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061361-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-almaty-auezaiynda-reister-kesigip-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.