Демалыс күндері елімізде 38 градусқа дейін аяз болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер 17-19 ақпан аралығында Қазақстанда аяз күшейеді. Еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар жауады жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, 17-19 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аяз сақталады.
Сонымен қатар ертең, 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысында ғана қар жауады. Таулы аймақтарда қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Мамандар Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында демалыс күндері ауа температурасы түнде -30...-38 градус, күндіз -20...-28 градус аяз болады деп болжады.
Республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -15...-25 градусқа дейін, таулы аймақтарда -30...-35 аязға дейін, күндіз -10...-25 градусқа дейін төмендейді.
Бүгін Алматыда қалың қар жауды. Күндіз ауа температурасы, бұрын синоптиктер айтқандай, 7 градусқа дейін көтерілсе, түнде -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с болады.
Кеше қала әкімдігі Алматыда 16 ақпандағы таңнан 17 ақпанға қараған түнге дейін жаңбыр түріндегі жауын-шашын, қалың қарға ұласатынын ескертті.
Төтенше жағдайлар департаменті мен мегаполис тұрғындарына үндеу жолдап, тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061370-demalys-kunderi-elimizde-38-gradusqa-deiin-ayaz-bolady/