jitsu gif

Демалыс күндері елімізде 38 градусқа дейін аяз болады

Қар
Қыс. Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 17-19 ақпан аралығында Қазақстанда аяз күшейеді. Еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар жауады жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, 17-19 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аяз сақталады.

Сонымен қатар ертең, 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысында ғана қар жауады. Таулы аймақтарда қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Мамандар Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында демалыс күндері ауа температурасы түнде -30...-38 градус, күндіз -20...-28 градус аяз болады деп болжады.

Республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -15...-25 градусқа дейін, таулы аймақтарда -30...-35 аязға дейін, күндіз -10...-25 градусқа дейін төмендейді.

Бүгін Алматыда қалың қар жауды. Күндіз ауа температурасы, бұрын синоптиктер айтқандай, 7 градусқа дейін көтерілсе, түнде -12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с болады.

Кеше қала әкімдігі Алматыда 16 ақпандағы таңнан 17 ақпанға қараған түнге дейін жаңбыр түріндегі жауын-шашын, қалың қарға ұласатынын ескертті.

Төтенше жағдайлар департаменті мен мегаполис тұрғындарына үндеу жолдап, тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.