Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қалың қар жауды: қазір қаладағы жағдай қандай

Опубликовано:

Көше қар жауып тұрған сәт
Қыс. Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бүгін таңертеңнен жауған қалың қар қалада көлік кептелісін тудырды. Кептеліс деңгейі 10 балға жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2GIS картасындағы ақпарат бойынша Рысқұлов, Райымбек, Төле би, Абай және Әл-Фараби даңғылдары, сондай-ақ Сәтбаев және Тимирязев көшелерінде көлік қозғалысы жоғары. Үлкен Алматы айналма жолында кептеліс әлі де бар.

Кейбір жүргізушілер кептелісте отырғанда навигатор қосымшасына хабарлама жазып, "көктемге дейін үйде боламыз" деп әзілдеген.

Ал қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшкенін хабарлады.

Сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша 7 см қар жауды. Оны тазалауға 483 арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Сондай-ақ тротуарларды, қоғамдық орындар және әлеуметтік маңызы бар нысандардың кіреберістерін сыпыру жұмыстары жүргізілуде, оған 174 бірлік шағын жаяу жүргіншілер жолын тазалау техникасы тартылған.

"Қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілер қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, аудан әкімдіктері жұмыс барысын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061400-keptelis-seiildi-almatyda-kolik-qozgalysy-rettele-bastady/

pixel