Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер биыл көктемде ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Гүлдеп тұрған ағаш
Гүлдеп тұрған ағаш. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер биыл көктемнің үш айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеоролгтардың мәліметінше, көктемнің бірінші айы наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында кей күндері қыс мезгіліндей суық ауа райы күтіледі. Атап айтқанда қар жиі жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман болады. Бұл күндері температура фоны төмен, түнде 15-25 градус аяз болады деп болжануда.

Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз +2...+7°С-қа дейін көтеріледі.

Ал көктемдегідей жылы ауа райы айдың үшінші онкүндігінде білінеді, күндіз термометр бағандары +5...+15°С-қа дейін жетуі мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс оңірлерінде наурыз айы – нағыз көктем айы, бірақ жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жиі жауады. Ауа температурасы түнде 0...-10°С-тан +3...+8°С-қа дейін, күндіз 0...+10°С-тан +10...+18°С-қа дейін көтеріледі.

Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде қалыпты болады, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде - нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде норма шамасында болжанады.

Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде, тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға жуық болады.

Мамандар сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады деп отыр.

Солтүстік-батысында жауын-шашын аз, елдің оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысының таулы аймақтарда жиі болады.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061410-sinoptikter-biylgy-koktemde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel