jitsu gif
Оқыс оқиға

    ІІМ өкілдері жүргізушілерге үндеу жасады

    Полицей
    Полицей көше бойында. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ішкі істер министрлігі елдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Ведомство өкілдері алыс жолға шықпауды сұрады, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті жүргізушілер! Қолайсыз ауа райына байланысты сіздерді алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Қазіргі уақытта 8 өңірде 30-ға жуық жол учаскесі жабық", - делінген хабарда.

    Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда құтқару жұмыстарына 658 техника мен 1,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

    "Жолда қалып қойған азаматтар үшін эвакуацияға дейін және қосымша көмек күші жеткенше жылыту және тамақтану пункттері ұйымдастырылды. 112-нің ескертулеріне назар аударыңыз, өзіңіз бен жақындарыңызға сақ болыңыз", - деп хабарлады министрліктен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.