jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

38 градус аяз: Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аязда көшеден өтіп бара жатқан адам
Аязда көшеден өтіп бара жатқан адам. Көрнекі сурет: Jeremy Hogan/Getty Images

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

18 ақпанда Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алдағы түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз сақталады.

Ертең түстен кейін Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыс екпіні 15-20 м/с жел күтіледі, түнде облыстың шығысында 35 градус қатты аяз сақталады.

Ал Қызылорда облысында да қатты жел күтіледі - солтүстік-шығыс, солтүстік 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 25 м/с.

Жексенбіде Ақтөбе облысында шығыс, оңтүстік-шығыс желдер болады деп болжанып отыр, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с жел тұрады.

18 ақпанда түстен кейін Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады.

Ертең Алматы облысының тауларында тұман түседі. Облыстың көп бөлігінде түнде 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Алматыда 18 ақпанда түнде 25 градус қатты аяз күтіледі.

Жексенбіде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында-солтүстік-шығыс жел екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с болады.

Сондай-ақ, 17 ақпанда сағат 21.00-ден 18 ақпандағы сағат 21-ге дейін Өскемен және Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту сақталады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 17-19 ақпан аралығында Қазақстанда аяз күшейетінін ескерткен. Еліміздің оңтүстік-шығысында қалың қар жауады.

38 градус аяз: Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.