Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Дәрігер жұмыс кезінде
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды қаласындағы жер үйде орын алған жарылыстан екі адам зардап шекті. Олардың біреуі қазіргі уақытта ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Қарағанды облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда орын алған жарылыстан кейін ер адам мен 16 жастағы қыз бала ауруханаға түсті. Өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, ер азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Жағдайы ауыр деп бағалануда.

"Ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Денесінің 40% күйік шалған. Жағдайы ауыр. Қыз баланың халі орташа ауыр. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жараланған. Ауруханаға жатқызылды, хирургиялық көмектің қажеті жоқ, консервативті ем жасалып жатыр" , — делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 18 ақпан күні сағат 03:30 шамасында Қарағанды қаласында жер үйде жарылыс болып, үйінді астынан екі адам шығарылғанын хабарлаған едік.

Өртті жоюға ТЖД, апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 техника жұмылдырылды.

ТЖД мамандары жер үйде болған жарылыстың алдын ала себебін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061557-qaragandy-oblysyndagy-zarylys-kezinde-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel