Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" қазақстандық көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет
Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

"ҚазАвтоЖол" кейбір өңірлердегі ауа райының нашарлануына байланысты қазақстандық көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Бірқатар облыста аяз бен қар күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметіне сәйкес, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау облыстарында қатты аяз 35-38С, жел 15-20 м/с дейін сақталады.

Түркістан облысында қар жауады.

Қызылорда және Жетісу облыстарында жел 25-28 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында аяз 25 градусқа дейін болжанады.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - деп ескертті ұйым өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061569-qazavtozol-qazaqstandyq-kolik-zurgizusilerine-undeu-zasady/

pixel