Алматыдағы аудандардың бірінде тұрғындар жарықсыз қалды
Жарияланған күні:
Алматының Алмалы ауданында жарық сөніп қалды. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ бұл аумақта тек сағат 15.00-де жарық қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Алмалы ауданындағы Бөгенбай батыр – Жамбыл – Амангелді – Желтоқсан көшелерінде 19 ақпанда сағат 11:25-те электр қуаты уақытша ажыратылды.
Қазіргі уақытта арнайы топ жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жөндеу жұмыстары шамамен 19 ақпанда сағат 15.00-ге дейін аяқталады", - деп хабарлады "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-дан.
Айта кетейік, 16 ақпанда Семейдің барлық ауданында электр жарығы өшіп, суық су беру тоқтатылған. Энергетика министрлігі электр қуатының 15 минут ішінде қалпына келтірілгенін мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061694-almatydagy-audandardyn-birinde-turgyndar-zaryqsyz-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.