Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңыстауда Каспий теңізі бойындағы құны 30 млрд теңге болатын жер учаскесін заңсыз сатып жіберген

Жарияланған күні:

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Көрнекі фото: pixabay.com

Каспий теңізінің жағалауы бойындағы жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісі анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, аумағы 3,4 мың гектар болатын Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып саналады.

2007 жылы жер учаскесі "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамына сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 млрд теңгеге сатылып, кейін "Гелиос" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 3,3 млрд теңгеге қайта сатылған.

"Талдау бұл жер учаскесін жергілікті атқарушы органдар Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз бергенін анықтаған.

Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды", - делінген облыстық прокуратура мәлімдемесінде.

Осылайша, прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылған (Жер кодексінің 43-бабы).

Облыс прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде уәкілетті орган сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз енгізді.

Экономикалық соттың шешімімен талап қоюшының талаптары толық көлемде қанағаттандырылған, бірақ заңды күшіне енген жоқ.

"Бүгінгі күнде жер учаскесінің кадастрлық құны 30 млрд теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061719-manystauda-kaspii-tenizi-boiyndagy-quny-30-mlrd-tenge-bolatyn-zer-ucaskesin-zansyz-satyp-zibergen/