jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның қай қалаларында мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Балаларды жетектеп бара жатқан әйел
Балаларды жетектеп бара жатқан әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертең Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледждің кейбір бірінші ауысым курстарының студенттері онлайн оқитын болады. Бұл туралы деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", делінген Астана қаласының білім басқармасының хабарламасында.

Yk-news.kz сайтының жазуынша, Өскеменде аязға байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды.

Павлодарда 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің бірінші ауысымдағы бірінші және екінші курс студенттері қашықтан оқытылады. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Семейде ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледж студенттері де онлайн оқитын болады, деп хабарлайды білім бөлімі.

Бірінші ауысымындағы мектеп оқушылары мен кейбір курс студенттері қайтадан қашықтан оқитын болады, деп жазады ekaraganda.kz.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда 20-22 ақпан аралығында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Сондай-ақ қар жауып, бұрқасын болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.