Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттен Сеул мен Пусанға жаңа рейстер ашылуы мүмкін

Опубликовано:

ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Комитеттің Telegram-арнасында жарық көрген ақпаратқа сүйенсек, Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Корея Республикасы жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лидің арасында екіжақты кездесу өткен.

"Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап, уағдаласты", делінген хабарламда.

Комитет өкілдерінің мәліметінше, бұған қоса Талғат Ластаев T' Way арзан бюджеттік әуекомпаниясының және Sirius Airlines жүк әуекомпаниясының басшылығымен кездесулер өткізген. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2061855-symkentten-seul-men-pusanga-reister-asyluy-mumkin/

pixel