jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Бала өлтіргендер мен педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады: мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Қонжық. Көрнекі сурет
Қонжық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы мәжіліске сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, заң жобаларына зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның ар-намысын қорлауға жол бермеу үшін бірқатар норма енгізіледі.

  • денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК дейін айыппұл түріндегі жаза не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • ұрып-соққаны үшін 80 АЕК-ке дейін айыппұл не 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу;
  • кәмелетке толмаған не дәрменсіз күйдегі адамды азаптау, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін жазаның "бас бостандығын шектеу" балама түрі алынып тасталып, тек бас бостандығынан айыру;
  • жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін "өмір бойы бас бостандығынан айыру" жазасы қолданылады.

"Кәмелетке толмағандарға қатысты немесе отбасында әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың мінез-құлқына ерекше талаптар қолданылады.

Атап айтқанда, сот шешімі бойынша олардан медициналық ұйымдардан психологиялық көмек талап етілуі мүмкін. Сондай-ақ зорлық-зомбылық деректерін уақытылы анықтау үшін уәкілетті органдардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаларға ден қою мүмкіндігі қарастырылған", - делінген мәжіліс хабарламасында.

Бала өлтіргендер мен педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады: мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.