Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытауда балаларды "құлдықта" ұстаған: ІІМ өкілі асырап алған әйел қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты

Опубликовано:

Өкпелеп отырған бала
Бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Ұлытау облысында асырап алынған балалардың құлдыққа жегілуіне қатысты пікір білдіріп, асырап алған әйел қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер вице-министрден балалардың еңбегін қанағаны үшін асырап алған әйел қандай жазаға тартылатынын сұрады.

"Заң бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. "Қинау" немесе "Қорғаншы мен қамқоршы құқығын асыра пайдалану" баптары бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді вице-министр Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, қамқоршылық органдарының жауапкершілігі тергеу барысында анықталады.

"Қамқоршылық органдарына келер болсақ, аяқталған қылмыстық іс бойынша тергеуші құқықты сақтамағанын айтып, сол органдардың атына ұсыныс жасайды", - деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында балалар 5 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеп, Facebook желісінде жазба жариялағанын жазған едік.

"Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар.

Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайын көріп, шошыды. Денелері көгерген әрі тыртыққа толы, жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген", - делінген жазбада.

Балалардың үлкені - қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде "оқиды". Органдар оқу орындарын тексергенде, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырғанын анықтаған.

Кейін Зәкиева үш баланы асырап алған әйел ұсталып, оған балаларды пайдаланды деген айып тағылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062181-ulytauda-balalardy-quldyqta-ustagan-iim-okili-asyrap-algan-aiel-qandai-zauapkersilikke-tartylatynyn-aitty/

pixel