Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дабыл қағылады: ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Дабыл
Дабыл құралы. Көрнекі фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

Ертең, 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы мегаполистің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы қала тұрғындары арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын бастаған.

"23 ақпанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Алматыда сағат 10.00-ден бастап жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді.

Тренингтің мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықтың дайындық деңгейін арттыру, жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер туралы ақпаратты жеткізу үшін азаматтарды барынша қамту, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру", - деді. Нұрлан Атығаев.

Сейсмикалық дайындық шеңберінде 21 ақпаннан бастап теле және радиоарналар арқылы хабарландыру жасалады.

"Сейсмикалық дайындық күні сағат 10.00-де сиреналық-сөйлеу қондырғыларын іске қосу, теле-радио арналар арқылы қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылады. Сейсмикалық дайындық суық мезгілде жүргізілетіндіктен, барлық басшылардан және қала тұрғындарынан жылы киініп, эвакуациялануын сұраймыз", - деді ведомство басшысы.

Төтенше жағдайлар департаменті мұндай дайындықтар төтенше жағдай болған жағдайда, халықтың эвакуация бағытын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтауы үшін және "дабыл чемоданын" әзірлеуі үшін қажет екенін айтты.

Қалалық сейсмикалық дайындық, департаменттің мәлімдеуінше, жер сілкінісі болады деген күдіктен жүргізіліп жатқан жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті Алматының барлық тұрғыны мен қонақтарын шараға белсенді қатысуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062409-zuma-kuni-almatyda-dabyl-qagylady-tzd-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel