Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша әуе рейстері ашылады

Опубликовано:

Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Азаматтық авиация комитеті 15 наурыздан бастап Түркістан – Самарқанд рейсі ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы комитетке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялармен бірлесіп Қазақстанға рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осы жылдың 15 наурызынан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр", - делінген комиеттің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, рейстер аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті әуе кемелерінде орындалады.

"Әуе қатынасының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Азамттық авиация комитеті Шымкенттен Сеул мен Пусанға жаңа рейстер ашылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062452-turkistan-samarqand-bagyty-boiynsa-aue-reisteri-asylady/

pixel