Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бойынша ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді

Жарияланған күні:

Дабыл
Дабыл жүйесі. Көрнекі фото: pexels.com

ТЖМ 23 ақпанда Қазақстан бойынша ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізілетінін мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"23 ақпанда жұма күні еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты - жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.

ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырды.

Еске салайық, 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2062454-zuma-kuni-qazaqstan-boiynsa-auqymdy-seismikalyq-zattygular-otedi/