jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның төрт шекара бекетінде көлік кептелісі пайда болды

шекара бекеті
Шекаралық аймақ. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісі неден пайда болғанын түсіндірді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелді.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды", - делінген комитеттің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, көлік жолдарының ашылуына байланысты жекелеген бағыттарда көлік кептелісі байқалады. Олар:

  • Қазақстан-Қырғыз учаскесі ("Қарасу" өткізу пункті);
  • Қазақстан-Өзбекстан учаскесі ("Тәжен", "Қазығұрт" өткізу пункттері);
  • Қазақстан-Ресей учаскесінде ("Сырым" өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.

Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Қазақстанның төрт шекара бекетінде көлік кептелісі пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.