jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз үш аптадан бері табылмай жатыр

бойжеткен
Бойжеткен. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтауда үш апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның отбасы БАҚ арқылы қызына үйге қайтуды өтініп отыр. Бойжеткен 23 күннен бері хабарласпаған, деп хабарлайды Lada.kz.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, жоғалған бойжеткеннің анасы Анастасия Пенскаяның 22 күннен бері байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін қызы ешқашан жоғалмаған және бір жерге барса ескертіп отырған.

Қазір бойжеткенді достары, таныстары, туыстары және Маңғыстау облысының полицейлері іздеп жатыр.

"Оған жеткізіңіздерші, өтінемін, біз оны үйде бәріміз күтіп отырмыз. Інісі, әпкесі, әкесінің орнын басқан өгей әкесі. Қатты уайымдаймыз. Қандай мәселе болса да, бәрін шешеміз және оны қиындықта қалдырмаймыз, осыны білсінші", - деді жоғалып кеткен қыздың анасы.

Анастасия Пенская 1 ақпанда сағат 01:40 шамасында Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығып кеткен, содан оралмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Анастасия Пенская жоғалған күні қара күртеше, қара леггинси және ақ-қара түсті кроссовка киген. Белгілері: шашы қысқа, қара, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған мәлімдеме негізінде жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қыздың жүрген жері туралы мәлімет білетіндер болса: +7 (705) 701-18-53, +7 (7292) 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53 -18-22, +7 (747) 230-00-04, +7 (747) 963-62-96, +7 (700) 111-40-84, 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Ақтауда жоғалған 16 жастағы қыз үш аптадан бері табылмай жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.